Ала доп – Оразақын Асқар

Бұл бетте «Ала доп» атты Оразақын Асқар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4647
Ұнайтын шығар қалайда,
Құмар ғой барлық бала деп.
Бір жастан асқан Арайға
Әкелдім үлкен ала доп.

Қуана жайды құшақты,
Қалыпты оны қарбыз деп.
Дайындап табақ, пышақты,
Шығарды шатақ жарғыз деп.

Төндірді допқа қауіп көп,
Қой десек, көнбей оқталып.
Табанда қарбыз тауып кеп,
Қатерден қалдық допты алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері