Әділдік – Қуандық Шолақов

Бұл бетте «Әділдік» атты Қуандық Шолақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2624
Алма аз-тұғын, Кенже кеп,
Бөлісе алмай, қысылдық.
Ысырдық «сен, сен же» деп,
Бірімізге-біріміз.

Жеткізу боп бар мәні:
– Үлкеніңмін сендердің, –
деп, бөлшектеп алманы
Қылдай етіп тең бөлдім.

Риза оған Санақ та,
Ерсайын да, Самат та.
– Бұл әділ іс болды, – деп,
Айтып жүрді сан апта.

...Болсаң адал, табанды,
Сыйлайды екен қалың жұрт.
Марқайтатын адамды
Жақсы екен ғой әділдік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері