Өлең, жыр, ақындар

Тоқырауын Балқашқа құймады

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 547
Тұнық басы — Қайдауыл-Шеруке-ді,
Тымық демін құм-қырман шөл іркеді.
Тоқырауын неше жыл тасымай кеп,
Биыл сойқан салад деп ел үркеді.
Қара күз.
Боз селеу қар бөккесін сарбалақ қыр,
Қалғиды енді аспанды аңдап ап бір.
Алты ай қыстан аман-сау өтеміз бе,
Қаңтар түгіл қазанда қар борап тұр?
— Апырай, ә?!
— Мал қандай, жем-шөп қандай?
Ауыл қалды сенделіп сең соққандай.
Қара аспаннан қаһарлы қыс төнді кеп,
Қақ маңдайдан қарсы ұрар қолшоқпардай.
— Оу, қайтеміз?!
— Көнеміз, амалдаймыз...
— Пай-пай, шіркін, салар ма ед сонарға айғыз!
Ауыл тағы дуылдап қысқа кірді,
Ұясына қалды тек қона алмай күз.
Қарлы боран қаңтарда атқа мініп,
Ақпанда аспан жерге ақтарылып.
Алты ай қыс аю-ауыл ұйқыға енді,
Түсінде гүл көктем мен баққа кіріп.
Қиял ғой гүл-гүл бақша,
Тоқырауын тон киіп мүлгіп жатса.
Біздің ауыл Сібірден аумай қалад,
Бұғымүйіз қарағаш дір-дір қақса.
Әй, бірақ, бәрі өткінші,
Көреміз марқа күнді
деді ауыл.
Боран сосын қаңтарылды.
Нұр-наурыз келді бір күн жымың қағып,
Ұмыт деп қаһарланған қаңтарыңды.
Күн сүйді сосын келіп байтақ белді,
Ел тұрды есіне алып қайта өткенді.
Көк өзен күркіреп бір күрсінді де,
Арнасында алапат шайқап берді.
Боз аспан бояуы оңған сыңайлы боп,
Сел көшіп, сұрғылт ағын құрайды үдеп.
— Әй, биыл күрт ерісе мына дала,
Көк өзен Балқаш барад, құдай білед.
Ел шертті көп «шіркінді», көп «қайранды»,
Бұғымүйіз талдарға көк байланды.
Жерде сең, көкте бұлт сенделгенмен,
Жігерлі өзен қарт көлге жетпей қалды.
Өмір ғой, не істейін енді!
Боз нұр көміп барады төскей-белді.
Сенің маған жетпейтін сәлеміңдей,
Тоқырауын қайтадан көшпейді, өлді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күміс өзен

  • 0
  • 0

Міне, жылжып кетті көлік,
Шаң жармасып баурына.
Жанарға жас кеп тіреліп,
Қош бол дедім аулыма.

Толық

Тау суреті

  • 0
  • 0

Қызылқұмар құс-көңілі жасып құр,
Қыран тауды томаға бұлт басып тұр.
Анда-санда саңқ етеді шамданып,
Қырау қатқан ақ иығын қомданып.

Толық

Елес

  • 0
  • 0

Кеше түнде айрылмас бір дос таптым:
Аты — Елес,
заты — Сендік сағыныш.
Мұнартады мұңлы түсті қоштап түн,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар