Ағамның жауабы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ағамның жауабы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 1
  • 4949
Өзімше бір мақтанып,
Хат жазғанмын ағама.
«Аға, қазір хат танып,
Жарып жүрмін бағаға.
Сұрақтарға кідірмей
Бере аламын жауапты.
Диктант болса, мүдірмей
Жаза аламын сауатты».
Ағам жауап жолдапты,
Жетіп келді бес күнде.
Оқып шығып ол хатты,
Көрсетпедім ешкімге!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Джаннқызы Альбина

Рахмет сізге осы өлеңдерді бізге интернетке қалдырғаныңызға

Осы автордың басқа өлеңдері