Сый – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сый» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6006
Құрап бүгін бастарын,
Келіп еді достарым.
Жинап алып ұл-қызды,
Кірпіштен үй тұрғыздық.
Жалған емес,
Бұл анық:
Қабырғасын сыладық.
Терезеге, есікке
Қалдырып ек тесік те.
Алайда оған сыймадық,
Ақ күшікке сыйладық.


Пікірлер (1)

Эльдана

Маған балаларға арналған керек өйткені
Мен Қадыр Мырза Әлидің өлеңін жаттауым керек

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері