Өмір мені қағып жатыр шөміштен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өмір мені қағып жатыр шөміштен» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 757
Өмір мені қағып жатыр шөміштен,
Көп жеген мен
Жарып жатыр көп ішкен.
Тағы, міне, тата алмадым бір түйір
Өзім баптап,
Өзім еккен жемістен.
Біліп жатыр,
Ұғып жатыр жұрт нені:
Қыз бетіндей қызарса да сыртқы өңі,
Бір алмамды жазға жетпей жел жұлып,
Бір алмамды күзге жетпей құрт жеді.
Қабағыма қарайлайды кім менің?
Кімге керек жылағаным, күлгенім?
Жар дегенде, жалғыз алма – Жүрегім,
Саған да ертең құрт түсе ме?
Білмедім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері