Бұл бетте «Ағаның әлдиі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
24.04.2019
0
0
4070
(әні бар)
«Ақ мамаңа асықпа,
Апам малда, қашықта.
Ақтылы қой бағып жүр,
Алтын жұлдыз тағып жүр.
Атам болса пішенде,
Айқайлама, күшенбе!
Жылай беру күнә ғой,
Ал көзіңді жұма ғой!
Әлди-әлди, бөпешім,
Әлдилейді көкешің?»—
Жырлай-жырлай жалықтым,
Өзім де ұйықтап қалыппын.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі