Мен жасаған машина
Бұл бетте «Мен жасаған машина» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біле-білсең, өнерім
Басқалардан асады.
Жоқ демесең номері,
Жүк машина жасадым.
Тормоз, руль — бәрі бар,
Түп-түгел төрт дөңгелек.
Балдырған бар, кәрі бар
Көрді оны ентелеп.
Көп көз маған тесіліп,
Кірпіктерін қақпайды.
Өнерімді көпшілік
Керемет деп мақтайды.
Бірақ олар абайлап,
Кемшілігін көрмейді.
Ал машинам жіп байлап
Сүйремесе, жүрмейді!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі