Қанденнің қаһары – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қанденнің қаһары» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2494
Күпті болып көп етке,
Жата бермей бүк түсіп,
Жазығы жоқ Төбетке
Үрді Қанден мықтысып:
— Аф! Аф!— деді,— Аф!— деді,
Қанден бе ол өйтпесе!—
Байлаулымын, қап!— деді,—
Көрсетер ем, әйтпесе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері