Бұлақ – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бұлақ» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5597
Ойында жоқ құрдым кезбек, қаңғымақ,
Ойында жоқ кірпік ілмек, қалғымақ.
Қайдасың деп жасыл жайлау, жасыл бақ,
Ағады кеп, ағады кеп бал бұлақ.
Аялдау жоқ, кідіру жоқ далада,
Ағады кеп жан-жағына қарамай,
Атасының тапсырмасын асығыс
Орындауға бара жатқан баладай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері