«Қарбыз» – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте ««Қарбыз»» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3914
Шашсыз жүр деп басқалар,
Алдырып ем шашымды.
Құрдасымның оспадар
Қылығына ашындым.
— Піскен бе деп «қарбызың»?—
Шықпай қойды қасымнан.
— Піскен бе деп «қарбызың»?—
ІІІерте берді басымнан.
Әзер жетті төзімім
Зорлығына істеген.
Меніңше, сол өзінің
«Қарбызы» әлі піспеген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері