Өлең, жыр, ақындар

Не ұтып, неден ұтылдым?

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4785
Айтып көрді жалынып,
Қорқытты да,
Қоймадым.
Асыққа бір салынып,
Армансыз-ақ ойнадым.
Досым маған тіл қатып,
Досым маған қарайды.
— Кетіпті ғой күн батып,
Жетеді осы,
Жәрәйді!
Үсен болса кемсеңдеп:
— Мен,— дейді,— үйге асықпан.
Түк қалмады, сенсеңдер,
Түк қалмады асықтан!—
Жарас болса булығып,
Жылағалы тұр ол да.
Кәдеге аспай қулығы,
Қағылғанның бірі ол да.
Бұл қызыққа мен таңмын,
Бір тамаша болыпты:
Төртеуі де қалтамның
Түрлі асыққа толыпты.
Олар мұны қалды ұғып,
Ырзамын бұл күйге мен.
Бірақ шаршап-шалдығып,
Әрең жеттім үйге мен.
Ішкеннен соң тамақты,
Қарамай-ақ есепке,
Оқымай-ақ сабақты,
Аунай кеттім төсекке.
Оқытушым ертесін
Төрт сабақтан сұрады.
«Көк жалқаусың, еркесің!»
Дегені есте тұр әлі.
Күн болды бір өзгеше,
Күн болды бір бүлінген.
Асық ұтып мен кеше,
Ұтылыппын білімнен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нышан

  • 0
  • 0

Көз ұшында тартып көктем кернейді,
Кең даланы бір қуаныш кернейді.
Көн даланың әжіміндей
Қатқақ жол

Толық

Қаладағы қартайған ат

  • 0
  • 3

Баяғыдан, әрине, бағасы кем,
Байланысы жоқ енді даласымен
Бір кездегі белгілі ат
Бара жатыр

Толық

Мұзайдын

  • 0
  • 0

Бар үйдің жанында
Мұзайдын тамаша.
Ертемен мен онда
Ойнадым оңаша.

Толық

Қарап көріңіз