Есеп – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Есеп» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5324
— Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?—
Тез шығара алмадым
Мен бұл есеп-мысалды.
— Сол досым сол алманың
Бәрін алсын!— дей салдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері