Үркер – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Үркер» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1642
Даналар бар бәйтерек, ол да бір түп!
Намысыңды алатын жыртып, жыртып.
Атынан ат үркетін ағалар бар,
«Үркер» – дейді,
Кетпесін атың үркіп.
Жандар бар әр қадамын есеп қылған.
Жамандар бар жақсыны өсек қылған.
Үкілеген үркерлер адасып жүр,
«Үркер» – емес, айнала – «Есекқырған».
Көсеудейін бұл не күн, көсеп түрған?
Мен емес, елді алдаған, өсек қуған.
Шолпан жұлдыз болмадым деп күйінем,
Ақ таңға шапағатын төсеп тұрған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері