Шығарған кім? – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шығарған кім?» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3588
Бір кенеп ап тамағын,
Бастады ағай сабағын.
Есебімді көрді де,
Шыта қойды қабағын.
— Мынауың не?
Қатаңа
«Екі» қойсам бата ма?
— Ол «екіні» бұл жолы
Қойыңыз сіз атама!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері