Сабын жыры – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сабын жыры» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4422
Сабынмын,
Сабынмын,
Тазаға табындым.
Адамның еңбекқор
Қолына бағындым.
Сабынмын,
Сабынмын,
Жастық тыс,
Жабындың
Кірлесе,
Ақ көбік
Болып мен сабылдым.
Сабынмын,
Сабынмын,
Досың боп танылдым.
Кірменен күресте
Қасыңнан табылдым!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері