Құпия – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Құпия» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4764
Балалар,
Құпия білем мен,
Жасырып жүретін кілең де.
Қазына емес ол көмілген
Тереңге,
Оралып кілемге.
Емес ол үңгір де,
Апан да
Тірі жан бас сұғып көрмеген.
Емес ол шөлейт те,
Жапан да
Самұрық жете алмай терлеген.
Қаншама жыл санап,
Ай санап,
Жатыпты сарғаймай,
Солмай ол.
Не екенін айтпаймын,
Айтсам-ақ,
Қалмай ма құпия болмай ол?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері