Мен-дағы өлең жазбаймын
Бұл бетте «Мен-дағы өлең жазбаймын» атты Мұқағали Мақатаев жазған поэзия туралы өлең берілген.
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Ермек үшін, немесе өлмеу үшін.
Жазсам, жазам жырды мен, жасырмаймын,
Жаралы жүректерді емдеу үшін.
Ермек үшін белгілі жырламасым,
Ермек десе, ел мейлі тыңдамасын.
Өтсем болды арқалап адамдардың
Қуанышын, шаттығын, мұң-наласын.
Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
Өлмеу үшін - құлқынды жемдеу үшін.
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.
ТАҚЫРЫП МАҒАН ҮЛКЕН ӘСЕР ҚАЛДЫРДЫ
Өте керемет
маған ұнады
Өте керемет
әдемі әсер қалдырады екен
Өте керемет
Өте керемет өлең
өте өте керемет өлең шұмақтары және жолдары сіздерге мен алғысымды білдіремін
оте тамаша олен рахмет
Өте керемет тақпақтар
Өте керемет
Мен-дағы өлең жазбаймын өлеңі ұнады
Мен бұрын жаттап алған, бірақ күшті
Менің сыныптасым жаттап алған бірақ, мен де оны жаттап отырмын
Керемет өлең жолдары менің жаралы жүрегіме бір ұшқын бергендей
Керемет