Құм

Бұл бетте «Құм» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4571
Қаталдық пен сараңдық. —
Құмның ата мінезі.
Көрсеткеннен қараңды,
Қасарады ол өзі.
Құла құмдар қозғалған
Қайнақ толқын сияқты.
Қоламтадай қоздаған
Күйдіреді тұяқты.
Теңіз бен құм қашаннан
Сыңарлары егіздің.
Құм — күреңнен жасалған
Суретіндей теңіздің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құм өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Құм өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құм өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құм өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері