Күзгі түз – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Күзгі түз» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 2
  • 5463
Ерініне кезерген
ЬІсқырығын қыстырып,
Бас төреші — Жел деген
Тұр төбеде ысқырып.
Фиништері — апан да,
Старттары — қабақтар,
Жарысып жүр жапанда
Ебелек пен қаңбақтар.
Желаяқтар сол күйде
Жығылса ұңғыл-шұңғылға,
Батады ол жанкүйер
Жиде менен жыңғылға.
Күздің соңғы қызығын
Өстіп, достым, қарайсың,
Қурайлардың ызыңын
Марш-күйге балайсың.


Пікірлер (2)

Сабина

Маған осы өлең ұнады

Сабина

Маған қатты өлең ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері