Шымшық – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Шымшық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3751
Шымшықтың әр тырнағы
Құдды шабақ қармақтай.
Бар тұлғасы, болғаны,
Бармақтай-ау, бармақтай!
Сонда да ол, асылы,
Мешкейлікке меңзейді.
Күнде
Жеке басының
Салмағындай жем жейді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері