Болжам – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Болжам» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4236
Құм менен тас кірігіп,
Құрлық пайда болыпты.
Тікен мен гүл бірігіп
Тірлік пайда болыпты.
Қиял менен есептен
Қыран пайда болыпты.
Күлік пенен есектен
Құлан пайда болыпты.
Бірте-бірте жәй талдан
Бадам пайда болыпты.
Періште мен сайтаннан
Адам пайда болыпты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері