Өлең, жыр, ақындар

Тіршіліктің тыңдап көр қоңыр күйін

  • 27.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6956
Тіршіліктің тыңдап көр қоңыр күйін:
Адам түгіл,
Тозады темір бұйым.
Тұрмыс пенен өмірді шатыстырма,
Тұрмыс жеңіл болғанмен,
Өмір қиын!
Көзімізді тіккенмен біз далаға,
Бізді ғана ойлай ма түздегі ана?!!
Білім деген тек қана диплом ба,
Қызық деген әдемі қыз ғана ма?!
Болам десең қасиет биігінде,
Көтересің өзгенің күйігін де.
Тоқтығың, дос, тұр ма тек тамағыңда,
Бүтіндігің тұр ма тек киіміңде?!
Ат азабын шегеді тай-құлын да,
Қанша терең сыр жатыр қайғы-мұңда?!
Шаттығың тек тұр ма екен ойын-тойда,
Бақытың тек тұр ма екен байлығыңда?!
Бұл өмірді шын ұққан ұлы ғалым,
Неге айтасың тірліктің күліп әнін?!
Ойлайсың сен оңай деп көкжалдарға,
Көрдің бе сен көкжалдың ұлығанын?!
Тіршіліктің тыңдап көр қоңыр күйін:
Адам түгіл,
Тозады темір бұйым.
Тұрмыс пенен өмірді шатыстырма,
Тұрмыс жеңіл болғанмен,



Пікірлер (1)

Айзере

Маған ұнады Қадыр мырза әлі нің өлеңдері қуаныш толы болды

Пікір қалдырыңыз

Мен айтайын

  • 0
  • 0

Мен айтайын —
Сен де менен хал сұра —
Бұрынғыдай қызықтырмас бал сыра.
Асу асып,

Толық

Тілазар

  • 0
  • 1

– Тазалашы, мұз болған
Есік алды тайғанақ!
– Жата берсін, біз оған
Теуіп жүрміз сырғанақ! –

Толық

Әрине, балаң басқа

  • 0
  • 0

Әрине, балаң басқа,
Жарың басқа.
Бөледі көңіліңді қарындас та.
Шаруасы тіршіліктің біткен емес,

Толық

Басқа да жазбалар