Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап
Бұл бетте «Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағдыр бұлты аспаныңда жүр шұбап,
Сарғаяды сүмбіледе жыршы бақ.
Өмір деген— бірде көктем, бірде қыс,
Өмір деген — бір көлеңке, бір шуақ.
Қызық-думан жастығыңды ұрлайды,
Шаттығыңның шалқары да құрғайды.
Адам шіркін жүре алмайды мәз болмай,
Адам шіркін жыламай да тұрмайды.
Тірлік-тұлпар бір орнында тұрмайды,
Кейде қобыз,
Кейде ойнап сырнайды.
Өмір деген — самғау және құлдырау,
Өмір деген — бір қуаныш, бір қайғы.
Шығарам деп жүргенде сен ел атын,
Кез болады кеудең мұңға толатын.
Қайғырғанда —
Қанат керек ұшатын,
Қуанғанда —
Құйрық керек қонатын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі