Пенделік

Бұл бетте «Пенделік» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5977
Пенделік-ай, пенделік-ай, пенделік!
Он жыл бойы жатса сырқат емделіп,
Көтере алмай тұмауды да,
Дейміз-ау
Осы саулық саулық па екен мендегі!
Пенделік-ай! Пенделік-ай! Пенделік!
Баспанасыз жүрсе біреу сенделіп,
Жылаймыз-ау үш бөлмені қомсынып,
Пәтер емес — құжыра деп мендегі.
Пенделік-ай! Пенделік-ай! Пенделік!
Ағай анау сорлап жүрсе жеңге өліп...
Күйінеміз көтере алмай бір сөзін,
Әйел емес — айдаһар деп мендегі!
Пенделік-ай! Пенделік-ай! Пенделік!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пенделік өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Пенделік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пенделік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пенделік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері