Қырық-елу жыл өмір сүрдім, мекенім – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қырық-елу жыл өмір сүрдім, мекенім» атты Қадыр Мырза Әли жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2961
Қырық-елу жыл өмір сүрдім, мекенім.
Енді қанша шақырады көкегің?!
Дәмін таттым абыройдың,
Бірақ та
Рақаттың біле алмадым не екенін!
Айтар болсам, жаяр болсам елге сыр
Маған жұмбақ ащы терден өңгесі.
Рақат ол ойын-той деп ойлар ем,
Қажып қайтам шарабынан көл-кесір.
Рақат ол —
Өтеп жүрген парызды,
Мүмкін, анау жаныңдағы жар ізгі.
Сол дер едім,
Жібермейтін жыраққа
Оның өзі алтын тұсау тәрізді.
Әлдилеген өз күйі мен өз әні
Мұны қалай ұқты қырдың қазағы?!
Бауырдағы балаң дер ем рақат,
Оның дағы жетіп жатыр азабы!
Тез сарғайтып ғұмыр атты бақшаны,
Жетіп келер кәріліктің ақшамы.
Рақат ол тақ пенен тәж дер едім,
Білмейді жұрт бір уайымсыз патшаны
Қай кезде де болады ғой баста мұң.
Бірақ, досым, қайғырмағын, саспағын!
Бітпейтіндей көрінеді қиындық,
Ал рақат әр уақытта қас қағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырық-елу жыл өмір сүрдім, мекенім өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қырық-елу жыл өмір сүрдім, мекенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырық-елу жыл өмір сүрдім, мекенім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қырық-елу жыл өмір сүрдім, мекенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері