Адасатын, орман түгіл, картада

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2012
Адасатын, орман түгіл, картада
Бар керемет ақыл-ойға «мәрт» аға.
Ол қарсы емес күнде сабақ беруге
Платонды отырғызып партаға.
Сәл-сәл тізгін тисе болды наданға,
Сол болады көкең де һәм дадаң да.
Жоғарыдан қарайды ол
Өзінен
Әлдеқайда биік тұрған адамға!
Көр-кеуделер мініп алып жыр-атқа,
Титықтатып өлтіреді-ау жырақта.
Кейде жастар үйренеді олардан,
Қалай жазбау керектігін бірақ та.
Икемі жоқ желі менен көгенге,
Икемі жоқ еден менен тегенге
Кейбір қыздар шынымен-ақ сенеді
Сенен асқан әдемі жоқ дегенге!
Кейбір жеңгей кіріп жүріп әр үйге,
Тасиды өсек,
Ұстамайды әрі ине.
Ондайлардың дәнсіз кеуек басынан
Қолы қымбат... (алтын толы, әрине?)
Адамдарды осындайға қимаймын.
Ашу кернеп,
Арна-сайға сыймаймын.
Ақырында
Бәрін мұң ғып — көзіме,
Мысқыл қылып — миығыма жинаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адасатын, орман түгіл, картада өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Адасатын, орман түгіл, картада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Адасатын, орман түгіл, картада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адасатын, орман түгіл, картада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері