Жаман емес былтырдан биыл күтім – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жаман емес былтырдан биыл күтім» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2252
Жаман емес былтырдан биыл күтім,
Жұлдыз-қыз боп жігітке қиылды түн
Ренжитін түк те жоқ, бір қарасаң,
Ішіп-жейтін тамақ көп,
Киім бүтін.
Сәбилердей тіл бітіп тасқа нағыз,
Сырласады аспанмен астанамыз.
Құлагерден жүйріктеу «Жигулиің»,
Хан сарайға бергісіз баспанаңыз.
Жайқалады тоғайдың жас терегі,
Жас жігітті ауылда бас көреді.
Ат шаптырып,
Бәйгеге түйе тігіп,
Әкесіне біреулер ас береді.
Қалың елге,
Қазаққа қырық баулы
Үйрет, тірлік, байлыққа құнықпауды.
Запырандай сары алтын сырғаменен
Құлақтары қыздардың құлыптаулы.
Жақсылықты тербетсе қырық бесік,
Жамандық та жарыса жүріпті өсіп...
Кірпіш үйі тұрмыстың сыңғырлап тұр,
Киіз үйі көңілдің шұрық тесік...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері