Білем, ыстық жас өмірдің құшағы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Білем, ыстық жас өмірдің құшағы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3694
Білем, ыстық жас өмірдің құшағы,
Сол құшақтың жетер бізге күші әлі.
Сезіктенбе сәл ауырса бауырың,
Ол тас бауыр еместіктің нышаны.
Мәжнүннің махаббатын тілеп көр.
Бір түлесе ғашықтықтан түлепті ер.
Қорықпа сен қағады деп жүрегім,
Қатты ұрады Махаббатшыл жүректер.
Ажалына келмейді адам сенгісі,
Бәріне де төзу керек ер кісі.
Бас ауырса, шүкір де, дос, шүкір де —
Ол басыңның барлығының белгісі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білем, ыстық жас өмірдің құшағы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Білем, ыстық жас өмірдің құшағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білем, ыстық жас өмірдің құшағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білем, ыстық жас өмірдің құшағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері