Қартым маған күнде сәлем жолдайды

Бұл бетте «Қартым маған күнде сәлем жолдайды» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2480
Қартым маған күнде сәлем жолдайды,
Қала жайы көңіліне қонбайды.
«Айналайын, бәрі де бар шаһарда,
Ал көкжиек онда бірақ болмайды!
Көре алмайсың таңның қалай атқанын,
Көре алмайсың күннің қалай батқанын.
Тек жарық пен қараңғыдан сезесің
Түн мен күннің кезектесіп жатқанын.
Зәулім-зәулім сарайы мол нән қала
Зеңгір көкті ортаға алған алқалап.
Көрсетпейді дуал көше
Аспанның
Оң жағын да,
Сол жағын да
Қалқалап.
Жұлдыздарсыз қалайша мен көшемін?!
Жұмбақ сырды қалай көксіз шешеміз?!
Қалаң сенің
Балқытқан да аспанды
Астауына құйып қойған көшенің.
Үйлер анау алынбас бір қамалдай.
Уілдейді,
Гуілдейді дем алмай.
Төбеңдегі ұзын аспан созылған
Аспан емес —
Төңкерілген каналдай.
Бар рақат далада ғой,
Далада!
Ұқсын мұны қария да,
Бала да!
Шаңырақтай дөңгеленген, әйтпесе,
Бүтін аспан көре алмадым қалада!»—
Дейді қартым,
Мен жымиып күлемін.
Айтыстым ба,
Жеңерімді білемін...
Мен ұғуын ұғармын-ау шалымды,
Бірақ мені ұға ма екен түлегім?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қартым маған күнде сәлем жолдайды өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қартым маған күнде сәлем жолдайды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қартым маған күнде сәлем жолдайды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қартым маған күнде сәлем жолдайды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері