Адамдардың жұмбағы мен сыры қандай көп еді
Бұл бетте «Адамдардың жұмбағы мен сыры қандай көп еді» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адамдардың жұмбағы мен сыры қандай көп еді!
Өзің кейде өзің болмай, өзге болғың келеді.
Мен білмеймін: өзгере ме, өзгермей ме шын асыл,
Кейде, тіпті, ащыдан да, тұщыдан да шығасың.
Кейде әңгімең жараспайды жақын деген жанмен де
Айта-айта жалығасың ең әдемі әннен де!
Жоғалғандай жалын жастық бермейтұғын оты ырық,
Зерігесің кейде тіпті қыздармен-ақ отырып!
Сарқылғандай сенің үшін дүниенің қызығы,
Баяғыдай етпейді әсер алма беттің қызылы.
Бұрынғыдай ықыласпен ішпейсің дос сырасын,
Біреулермен сөйлескенде басқаны ойлап тұрасың.
Ондай кезде емдеу сені мүмкін емес дәрімен,
Өзіңе-өзің ұнамаған жаман екен бәрінен!..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі