Мен айтайын
Бұл бетте «Мен айтайын» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен айтайын —
Сен де менен хал сұра —
Бұрынғыдай қызықтырмас бал сыра.
Асу асып,
Әжептәуір бел асып,
Аға болып қалсам керек мен, сірә.
Бір кездері жүруші едім ерігіп,
Бірде күнге,
Бірде түнге беріліп,
Енді мені қажытады қыдырыс.
Енді мені шаршатады серілік.
Мен бүгінде көне алмаймын тәлкекке,
Жайлап сөйле,
Кеудеңді ұрма,
Саңқ етпе!
Мені қазір қажытады жиын да,
Мені қазір шаршатады банкет те!
Кетіп бара жатыр менің күнде есем,
Тіршілікпен қысқа-қысқа тілдесем.
Мені қазір шаршатады мақтау да,
Оның өзін тауып айта білмесең.
Үлесіме —
Асу үшін биікті —
Ауырлық пен қиындықтар тиіпті.
Бірақ мені —
Істесем де күндіз-түн,
Шаршатпайды жұмыс қана сүйікті!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі