Жетегінде көп айдың – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жетегінде көп айдың» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3135
Жетегінде көп айдың
Жылдар қалай өтеді!
Көңіл толы көл-айдын,
Жүрек толы от еді...
Ақыл деген қарт аңшы,
Енді осыған бол аң-таң:
Көл орнында — бір тамшы,
От орнында — қоламта!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері