Өлең, жыр, ақындар

Ауылдағы алғашқы күн

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 1
  • 8492
Туған жерде бақыт деген бар құсың.
Туған жерсіз — бейшарасың,
Жарлысың.
Аңсаудайын аңсап келдім алыстан.
Ауыл-ана,
Аманбысың,
Армысың?!
Білесіңдер парыз барын,
Іс барын.
Менің нағыз жұмыс басты тұстарым.
Мен жоқ кезде талай келін түсіпті.
Құтты болсын!
Құтты болсын құстарың!
Бірін үзіп тақпақ болған жұлдыздың
Жыр-әлемде жеңіл емес мұң біздің.
Иә, айтпақшы,
Берік болсын баулары
Мен жоқ кезде туған талай ұл-қыздың!
Ерте кеткен азаматтың талайын
Жоқтайын да,
Естеріңе салайын.
Қақ төрінен орын алсын бейіштің
О дүниеге сапар шеккен ағайын!
Жабықпайық бірақ аңсап келгенде.
Жұтамайтын сағыныш бар, Ел, менде.
Жұма күні
Орынына аяттың
Жыр оқиын,
Тие берсін өлгенге!
Қай кезде де ұл мен қызға жарығыр
Құшағында ұстайды ұзақ кәрі қыр...
Қойыңыздар бүгін төсек салмай-ақ,
Қуаныштан көз ілмеймін бәрібір!


Пікірлер (1)

Ислам

~~~~~✓✓✓

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылдағы алғашқы күн өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Ауылдағы алғашқы күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ауылдағы алғашқы күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылдағы алғашқы күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері