Сенбілік

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4382
Құрыстаған қыр-дала
Қарын сілкіп тастады.
Сыпырғыш пен тырмалар
Сенбілігін бастады.
Күлімсіреп күн тұрды,
Нұрға бөлеп үйімді.
Жапырақтар былтырғы
Бір төбе боп үйілді.
Сайрап көктем құстары,
Мәз боп қалдық біз енді.
Шоқтығынан қысқарып,
Алма ағаштар күзелді.
Ақ қайың да, терек те
Бұтақтарын екшепті.
Тамызыққа керек деп,
Бөлек жидық шөпшекті.
Түптеп бұта-бұтаны,
Бөлдік істі тарауға.
Дымқыл қоқыс тұтанып,
Түтіндеді әр аула.
Сияқты бір ертегі
Сәуірдің бұл жоқ теңі.
Жатты солай өртеніп
Өткен жылдың көктемі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенбілік өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сенбілік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сенбілік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенбілік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері