Бұл бетте «Құштарлық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тіленіп-ақ тұрса да тамашаға,
Түсінеді халімді бала-шаға.
Әйтеуір мен құмармын тыныштыққа,
Әйтеуір мен құштармын оңашаға!
Сақал-шашым біршама ағарғанда
Душар болдым ғажайып көп арманға.
Әйтеуір мен құмармын өзен-көлге,
Әйтеуір мен құштармын көк орманға.
Бір сәттерді сағынып,
Мұң басқанда,
Бір өлеңім татиды мың дастанға.
Бүлдіргендей жұлдызды үзіп жейтін
Әйтеуір мен құштармын түнгі аспанға.
Алып қашып көңілім нұрлы асуға,
Асығамын майсаны бір басуға.
Әйтеуір мен құштармын
Күбір-күбір
Табиғаттың өзімен сырласуға!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі