Еңбек және сұлулық

Бұл бетте «Еңбек және сұлулық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 7960
Тозды жастық желкілдетіп желегін.
Таба алмадым кәріліктің мен емін.
Есім кіріп,
Етегімді жиғалы
Еңбегіме сиынумен келемін!
Туған жерге тартып туған өлеңім.
Мен өнерде Махамбетпен бөлемін.
Дүниеге көзімді осы ашқалы
Сұлулыққа табынумен келемін.
Ант етемін ұстап жырдың жемісін!
Бұл өмірде басқа құдай жоғы шын.
Әр уақытта
Еңбек пенен Сұлулық —
Тәңір және Тәңірия мен үшін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңбек және сұлулық өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Еңбек және сұлулық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңбек және сұлулық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңбек және сұлулық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері