Кеңес
Бұл бетте «Кеңес» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әзіл
Жұлдызым боп жанса шындық төбемде,
Өтіріктің шылымын мен шегем бе?!
Сұлуларға әдемісің демесең,
Селт етпейді ақылдысың дегенге!
Сөз тұрғанда қару деген қару ма!
Сөз тұрғанда дару деген дару ма!
Сиықсыздау болғанменен,
Сондықтан
Сұлусың деп айттым талай аруға!
Айналайын, біздерге ұят келтірме:
Ауыр сөзбен айнаштарды өлтірме.
Сұлу десең,
Дүниені ұмытады,
Қыздар түгіл,
Кәрі мыстан кемпір де!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі