Өлең, жыр, ақындар

Шарапат

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2344
Өтпейді өмір жалғыз-ақ жыршылықпен.
Айдайды уақыт күндерді бір шыбықпен.
Талай-талай кез болды
Талай-талай
Түңіліп-ақ кететін тіршіліктен!
Аспанымда күлімдеп тұр сұлу ай,
Бірақ мына тағдырдың қырсығуы-ай!
Ай сұлудан көз алмай келе жатсам,
Аяғымнан шалады бір сұмырай!
Өрт шығады орынсыз ойыныңнан,
Өлең өзі мерт болып сойылыңнан.
Дос боп кіріп біреулер құшағыңа,
Жылан болып шығады қойыныңнан.
Дүбірлеген түзде той,
Үйде сауық.
Көңілдер мен көңілдер үйлес анық.
Сондай кеште біреулер жұтқызады
Мақтау сөздің ішіне ине салып!
Мұндай кештен кім-кім де жүдер еді.
Өмір көші осылай үдереді.
Сақтығыңды қалғытып әзәзілдер
Сеніміңді мас қылып жібереді.
Ешқашан да қан қылма қанжар басын!
Сүйе білу — жігітке сол жарасым.
Дәрмек жаққан болып-ақ кей ант ұрған
Ұшықтырып береді жан жарасын!
Ортақ болып тұрмыстың ауырына,
Көмектесу — міндетің бауырыңа.
Құйрығында құрты бар пәлекеттер
Көк шыбын боп қонады жауырыңа!
Сыздағанда жаныңның жарақаты,
Жегідей жер залымның марапаты.
Он адамның иттігін
Жуып-шайып
Жібереді біреудің шарапаты!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Кәмпит»

  • 0
  • 0

Азу тісім ауырды,
Жатып қалдым бүк түсіп.
Тауыстым бар сабырды,
Бір жақ ұртым кетті ісіп.

Толық

Тұйық

  • 1
  • 3

Өмір деген ұққанға —
Орман сұрақ, шырағым.
Бірін шауып жыққанмен,
Екеуі өсіп шығады!..

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Алғаннан соң демалыс,
Алаңдамай өзгеге,
Қаладағы ең алыс
Кеттім аға-жеңгеме.

Толық