Бұл бетте «Екі нұр» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.04.2019
0
0
6564
Адам егер болмаса ездің бірі,
Сұлулыққа түседі көздің қыры.
Дүниеде ғаламат екі нұр бар:
Күннің нұры
Және де сөздің нұры.
Ақын бола бермейді мыңның бірі.
Мұны айтуға болмай жүр сынның қыры.
Сөздің нұры түседі
Жүрегіңнің
Түкпіріне
Түспейтін күннің нұры.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі