Терісқақпай – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Терісқақпай» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2631
Өмір деген ұлы жыр
Серт болмады,
Өрт болды.
Жүздегі шал тірі жүр,
Жиырмадағы мерт болды.
Сірә, біздер жасықпыз
Сеніп алған дәріге.
Жас жігіттен қашып қыз,
Тиіп алды кәріге!
Айналыстан бұрылып,
Бірге қатар аттаған:
Көзі сау жан сүрініп,
Соқыр адам өтті аман!
Кемеңгерден есерге
Кемел ақыл көше ме!?
Бір машина нөсерде
Су шашып жүр көшеге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері