Өлең, жыр, ақындар

Біз өзіміз жауап емес

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4130
Біз өзіміз жауап емес —
Сұрақпыз.
Желді күнгі суылдаған құрақпыз.
Өтіп жатыр,
Өтіп жатыр жас дәурен.
Өтіп жатыр,
Қайғырмаймыз бірақ біз.
Сияқтымыз секеңдеген кенгуру.
Қиын боп па бір мамандық меңгеру
Ішті қалай пыстырмайды
Тек қана
Тамақ ішу,
Киім кию —
Күн көру?!
Қаңтар кетіп,
Наурыз келіп,—
Жаз келіп,
Жатқан кезде аққу ұшып,
Қаз қонып,
Өмір сүру —
Қол қою ма тек қана
Еңбекақы алғаныңа мәз болып?!
Кімдер бізді,
Кімдер бізді түзейді!?
Күйбең тірлік күндеріңді күзейді.
Алдарқатып айқай-шуы базардың,
Ой салады тыныштығы музейдің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлжа

  • 0
  • 0

Тағдыр жазса —
Талайлардың олжасы.
Тайып кетсе,
Тасқа тамар мол жасы.

Толық

Коллекция

  • 0
  • 0

Кейбіреулер театр,
Көрме құмар,
Шарапқұмар,
Сонымен көрге құлар.

Толық

Сын

  • 0
  • 0

Орнын басып сынып түскен уықтың,
Шаңырақты көтеруге туыппын.
Алдыменен
Байқауынан өткенмін

Толық

Басқа да жазбалар