Арам дәулет, сірә, менен қаймықты – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Арам дәулет, сірә, менен қаймықты» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3428
Арам дәулет, сірә, менен қаймықты.
Алған жоқпын жұрттан артық айлықты.
Жылқыменен,
Түйеменен,
Қойменен
Есептеген емеспін мен байлықты.
Қадыр тегін жібермес деп уақытты,
Құрдастарым мені талай қағытты.
Шығуменен биігіне мансаптың
Есептеген емеспін мен бақытты.
Болмыс солай алақанға сызыпты:
Бір-ақ мәрте сыйладым мен жүзікті.
Қанша қызды құшақтаумен,
Құшумен
Есептеген емеспін мен қызықты.
Ел-жұртыма ұнамасам — қамықтым.
Әр күн онда менің үшін тамұқ-тұн.
Байлығым да,
Бақытым да,
Қызық та —
Маған қалай қарауында халықтың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері