Бұл бетте «Жапырағын жайып ауыл терегі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жапырағын жайып ауыл терегі,
Жас-кәріге көлеңкесін береді.
Не болса да шындықты айтып
Достардан
Өкпе естимін,
Сол ма маған керегі?
Бәрі жақсы,
Бала-шаға дін аман.
Тірлікке бұл тіл тигізбен,
Сынаман.
Бірақ өзім өлең жазып,
Сол үшін
Сөз естимін,
Сол ма менің сыбағым?!
Тұнық көлдей көрінеді түптегім
Таусылған жоқ өнердегі құт-кенім.
Бір сорлыға көмектестім,
Өзіме ол
Қарсы шықты,
Сол ма менің күткенім?!
Үмітпенен атып ылғи ақ таңым,
Адамдарды мадақтадым, мақтадым.
Сүрінгенді сүйеп едім,
Ол мені
Шалып жықты,
Сол ма менің тапқаным?!
Айтар болсам ашуланбай,
Тасымай,
Қате өзімде,
Қате менде, досым-ай!
Білмедім ғой кім екенін олардың.
...Білгенде де істер едім осылай!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі