Бұл бетте «Шыдаймын ғой, қайтейін, өлсем де енді» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
29.04.2019
0
0
4422
Шыдаймын ғой, қайтейін, өлсем де енді.
Жұбатпай-ақ...
Жаныма келсең болды.
Көтере алмай жатқаным еңсемді енді.
Көтермеспін...
Бірақ сен келсең болды.
Ақтарылған көзімнен көрсең көлді!
Көңіл айтпа...
Ән салып берсең болды.
Қалтыраған тарамыс көрсең қолды,
Хал сұрама...
Күй тартып берсең болды!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі