Кім біледі не боларын түбінде
Бұл бетте «Кім біледі не боларын түбінде» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кім біледі не боларын түбінде.
Айту қиын бәрін өлең тілінде.
Азап пенен қиындықты
Мыңқ етпей
Көтеретін болып алдым бүгінде.
Бір келер деп,
Бір келер деп түбінде,
Бақытты мен қалай күттім күнінде.
Енді шаттық-қуанышты
Бүлк етпей
Қарсы алатын болып алдым бүгінде,
Кең далада енді қанша жортамын!?
Қалған өмір — орта шаттық,
Орта мұң...
Бақытқа да,
Қайғыға да —
Бәріне
Етім өліп кете ме деп қорқамын!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі