Ауырдың ба? – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ауырдың ба?» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3201
Ауырдың ба?—
Ыңқылдайсың,
Сарнайсың.
Ашындың ба?—
Құдайыңды қарғайсың.
Қарғағанмен,
Суға кетер жерінде
Қолға тиген тал-шыбықты қармайсың.
Шымбайыңа батса қалай шыдайсың!
«Әділет жоқ өмірде!»— деп жылайсың.
Жылама сен,
Шырқыратып жаныңды
Күн-күн сайын қинайды деп бұлай сын.
Қинай берсін әрбір тоқтар бекетің.
Қинай берсін жеке күнмен жеке түн.
Ауырарсың,
Ашынарсың,
Бәрібір
Тіршілікке ештеңе жоқ жететін!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері