Талай-талай жүріп көңіл шөлімен – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Талай-талай жүріп көңіл шөлімен» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4437
Талай-талай жүріп көңіл шөлімен,
Асып келем жырдың асу, белінен.
Ерінім де тілім-тілім жарылды
Қызғаныштың күйіп тұрған желінен.
Бір-ақ күнде жазылмайды дерт енді.
Тірлігіме медеу қылам ертеңді.
Табаным да
Тобылғының шоғындай
Табасына қиындықтың өртенді.
Жарқ-жұрқ еткен асыл тастай жаңғырық.
Әділдіктен тазарады жан кірі.
Өмір шөлде
Таңдайымды жібітті
Жақсылықтың сіркіреген жаңбыры.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері