Кез болса да гүл түгіл, тас құрттаған – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Кез болса да гүл түгіл, тас құрттаған» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5813
Кез болса да гүл түгіл, тас құрттаған,
Көкірегімді ешкімге бастыртпағам.
Қуанышы құлақтың — жылы лебіз,
Жылы лебіз,
Жақсы сөз естірт маған!
Ел дегенде бойына ас батпаған,
О туған жер, мен сенің асқақ балаң,
Қуанышы кеуденің — гүл жұпары,
Гүл жұпарын өлерде иіскет маған!
Дүниеге әкелген құрсақ-далам,
Қандай-қандай қызығың бар сақтаған?
Қуанышы көзімнің — әдемілік,
Сұлулық пен сұлуды көрсет маған!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері