Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне» атты Қадыр Мырза Әли жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2089
Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне,
Жарындай арыңменен бірге түне.
Шыдаудың өзі де ерлік, айналайын,
Халықтың сыйы менен құрметіне!
Жастың да келіп қалды ақырабы,
Жанымның дірілдейді жапырағы.
Уақытың жетпей жатса,
Кездесуге
Бір күнде екі жерге шақырады.
Ақынның бақыты ғой жемістісі.
Қайтеді уақыт жағы кеміс кісі?!
Досың бар,
Туысың бар —
Соның бәрі
Келеді қуанышын бөліскісі!
Ықылас,
Ниетіңе құлдық, аға!
Бір сәтке босатпайды гүлді қала.
Дәл бүгін бір жолдастың туған күні,
Үйінде көршіміздің шілдехана.
Қайтесің күнде өкініп қайтпағанда!
Әуелден таныс осы жәйт маған да.
Мартың бар,
Ноябрь бар,
Жаңа жыл бар,
Кино мен театрды айтпағанда!
Запыс боп дырдулардан,
Желіктерден,
Зардабын той-думанның шегіп көргем.
Уақытты әлі осылай беріп жүрмін
Жомарттай бар тиынын бөліп берген.
Белгісіз ақын едім,
Бақытты едім.
Өзіме-өзім ие,
Шабытты едім.
Заманның назарына түскеннен соң
Ырқыма көнбей қойды уақыт менің.
Жақындап қалғанменен қыстың лебі
Әлі де бітпей жатыр істің көбі.
Өзімді жас баладай сезінемін
Тізгінсіз арғымақтың үстіндегі!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жарқыншақ түспеу үшін жыр бетіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері